Қарағанды облысында бірнеше үй қызыл жалынға оранды

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Молодежный кентіндегі тұтанған өрт салдарынан бірнеше үй қызыл жалынға оранды. Оқиғаның егжей-тегжейін ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
"Түнде Осакаров ауданының Молодежный кентінде бір қабатты екі пәтерлі жеке тұрғын үй өртенді, содан кейін от жақын орналасқан бір типті ғимаратқа өтті", - деп жазылған хабарламада. Өрт сөндірушілер 300 шаршы метр аумақтағы өртті толығымен өшірді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Фото: inbusiness.kz