Өскеменде құтқарушылар 6 адамды өрттен құтқарды

Өскемен қаласы Гагарин бульвары бойында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабаттағы пәтерін өрт шалған, деп хабарлайды Malim.kz.
ТЖМ қызметкерлері баспалдақ маршымен 21 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялап, құтқару капюшоны көмегімен 6 адамды оның ішінде 3 баланы құтқарды, деп жазылған ТЖМ мәлімдемесінде.
Аумағы 20 ш.м. алаңды шарпыған өрті жедел түрде сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.
Фото: ТЖМ