457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Екібастұздағы электр стансасының бір блогы істен шықты

Оған кәсіпорын мұржасындағы ақау себеп болған

Екібастұздағы № 1 мемлекеттік аймақтық электр стансасындағы № 3 энергия блогы кенеттен жұмысын тоқтатты. Оған кәсіпорын мұржасындағы ақау себеп болған.


Әлеуметтік желіде Екібастұздағы 1 МАЭС-тің түтін мұржасында саңылау пайда болып, бүйірінен қою шаң-тозаңның бұрқырап жатқаны туралы бейнежазба тарап кетті. Бұл кәсіпорында бүгінде әрқайсысы 500 МВт қуат беретін 8 энергия блогы бар.

— 2024 жылғы 12 қарашада сағат 16:00–де Екібастұз 1-МАЭС жабдығын аралау және тексеру барысында № 1 түтін құбырының балконы төңірегінде шаңның пайда болғаны анықталды. Шаңдану себептерін анықтау үшін № 3 энергия блогын ажырату туралы шешім қабылданып, түтін құбырына ішкі тексеру жүргізу мақсатында мамандандырылған ұйым тартылды.  Шаңның пайда болу себептері тексеру нәтижелері бойынша анықталады. Жүргізілген талдау негізінде қажетті іс-шаралар жоспары әзірленеді, - деп хабарлады кәсіпорынға иелік ететін «Самырұқ-Энерго» компаниясынан.

Көрнекі сурет: samruk-energy.kz   

Самое читаемое