457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астана маңында жоғалған әйелдің мәйіті табылды

Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында 3 қаңтар күні 42 жастағы Баян Алтынбекова жоғалып кеткен еді, деп хабарлайды Malim.kz.

Әйел 3 қаңтарда шамамен 5:30-да үйден шығып, қайтып оралмаған. Ол ақ тон, қара көйлек, қара етік киген. Әйелді туыстары, еріктілер, жергілікті тұрғындар іздеді. Өкінішке қарай Баян Алтынбекова 4 қаңтарда өлі табылды.

Іздеу аяқталды, Баянның мәйіті табылды. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, иманды болсын. Жібек жолы кентінің тұрғындарына ерекше алғыс білдіреміз, - деп жазылған еріктілердің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Баян Алтынбекованың неден қайтыс болғанын полиция анықтайтын болады.

Фото: instagram.com/_astana_volontery_lider.kz

Самое читаемое