Ақтауда тағы бір әскери қызметкер өзіне қол салды

Ақтауда 39 жастағы әскери қызметкер өзіне қол салды. Оның мәйіті 28 қыркүйекте пәтерінен табылды.
Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ол келісім-шарт бойынша жұмыс істеген, бір жыл бұрын декреттік демалысқа шығып кетіпті.
- Алдын ала ақпарат бойынша әскери қызметкер отбасылық-тұрмыстық жанжалдан кейін асылып қалған. Оқиғаның мән-жайы қазір анықталып жатыр, - делінген баспасөз хабарламасында.
Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Фото: Liter.kz