457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жазғы дөңгелекпен жүргендерге енді айыппұл салынады

Полиция алматылық көлік жүргізушілеріне қысқы дөңгелектерді уақытында ауыстыруды ескертеді, деп жазады Malim.kz.

Алдағы күндері ауа райының нашарлап, жаңбыр мен қар жаууы, сондай-ақ ауа температурасының төмендеуі күтілуде. Осыған орай, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында көлік жүргізушілері мен автокөлік иелеріне дөңгелектерін қысқы кезеңге ауыстыруды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз, – деді полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Елімізде көлік жүргізушілері қыстың 3 айында осы мезгілге арналған дөңгелекпен жүруге міндетті. Ал 1 желтоқсанға дейін қысқы дөңгелекке ауыспаған жүргізушілерге айыппұл салынады. Ережені ескермегендерге әкімшілік кодекстің 590-бабы 5-бөлігі бойынша 5 АЕК айыппұл салынады.

Фото: Polisia.kz 

Самое читаемое