Түркістан облысында қорапқа салынған сәбидің мәйіті табылды

Түркістан облысында сәбидің өлі денесі табылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, белгісіз адам ай-күні жетпей туған сәбиді №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. 20-21 апталық қыздың өлі денесі қорапта болған.
Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды. Оқиға болған жер тексеріліп, сот-медициналық сараптамаға тағайындалды.
Шымкент қалалық Полиция департаменті бұл факт бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталғанын хабарлады. Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Фото: istockphoto.com