Түркістан облысында 500-дей мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

- 500-ге жуық жоғары білім туралы жалған диплом анықталды. Бұл бағытта құзырлы органдар жұмыс істеп жатыр. Жұмыстар жалғасады. Түбіне жететін боламыз. Мектеп ұжымы мен басшыларының арасындағы 16 еңбек дауы Соттар мен Президент Әкімшілігі деңгейіне дейін қаралған. Білім саласындағы кейбір қолы лас қызметкерлері саланы табыс табу көзіне айналдырып, миллиардтаған мемлекет қаржысын талаң-таражға салды. Аталған дерек бойынша бірқатар лазауымды тұлға мен жауапты қызметкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Әлі де тартылатын болады. Қазіргі таңда біз білім саласындағы бухгалтерлік сүйемелдеу жұмысын жүргізетін цифрлық платформаны өзгесіне алмастырдық, - деді Дархан Сатыбалды.
Мұнан бөлек, облыс әкімі білім беру ұйымдарында 1 мың 383 артық штат анықталғанына тоқталды. Дархан Сатыбалдының сөзінше, бұл бағыттағы қысқарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Фото: egov.kz