457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Талдықорғанда «Қаңтар» оқиғасы кезінде ұрланған автомат пен тапаншалар табылды

Биылдыққа елімізде 24 дана атыс қаруы тәркіленген

Талдықорғандағы саяжайлардың бірінде, криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары барысында қару-жарақ жасырылған орын табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Полицейлер оны 5 қаңтар күні Қаратал өзенінің астындағы көпірдің маңында тапқан.

Ол жерден 14 патроны бар Калашников автоматы мен 8 патроны бар Макаров тапаншасы алынған. Бұл қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару болатын, деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Жалпы министрлік мәліметінше, 2022 жылдың басынан бері қабылданған шаралар нәтижесінде 7 877 түрлі қару, 816 граната және 110 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленген. 2024 жылдың соңында заңсыз айналымнан 2 мыңнан астам түрлі қару тәркіленіп, оның ішінде 1 764 дана атыс қаруы, 274 дана травматикалық қару, 87 граната және 19 мыңнан астам әр түрлі калибрлі оқ-дәрі алынған.

Сонымен қатар 21 заңсыз қару жасырылған орын табылған. Биылдыққа бұл жұмыс белсенді түрде жалғасып, нәтижесінде 24 дана атыс қару тәркіленген.

Фото: polisia.kz

Самое читаемое