СҚО-да 30 мың га астам жер мемлекетке қайтарылған

Қазақстанның солтүстігінде үш жыл ішінде 30 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Petropavlovsk.news басылымының ақпаратына қарағанда, бұл жұмыс Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында жүргізілген. Ал осындай нәтижеге 3 жыл ішінде қол жеткізілген.
Биылғы тексеріс барысында заң бұзушылықтар анықталып, 500 мың теңгеден астам айыппұл салынған. Аталған ауданда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
Аудан әкімі Рахат Смағұловтың айтуынша, жер заңнамасын бұзғандарға қарсы күреске ерекше көңіл бөлініп отыр. Мұндай шаруашылықтарға 20 есе салық мөлшерін енгізу арқылы бюджетке қосымша кіріс келеді деген үміт бар.
Фото: baraev.kz