Шерзат Болаттың өлімі: тергеу қалай жүріп жатыр

ҚР ІІМ мәліметінше, Талғардағы Шерзаттың өліміне қатысты қылмыстық істі Алматы облысының Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша тергеп жатыр.
Олар: адам өлтіру; бұзақылық; қорқыту; қылмысты жасырып қалу; қылмыс туралы хабарламау.
«Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері де жұмыс істеп жүр», - деп жазды Ішкі істер министрі Ержан Саденов депутаттардың сауалына берген жауабында.
Фото: ашық дереккөзден