457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Семейде психикалық ауытқуы бар адамдарды құрылысқа жеккен

Мекеме басшыларының ісі сотқа жолданған

Абай облысы прокуратурасының тексеруі барысында №1 Семей арнайы қызмет көрсету орталығы директорының қамқорлығындағы психикалық дертке шалдыққан төрт тұлғаны шаруа қожалығында құрылыс жұмыстарына жегу дерегі анықталған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қылмыстық істі облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ҚР ҚК-нің 128-бабы 2-бөлігінің 6,9,11-тармақтары (адам саудасы) бойынша тергеген. Қазір іс сотқа жолданған.

Сонымен қатар, облыс прокуратурасының мәліметінше, мекеме әкімшілігі мен қызметкерлері техникалық қызметкерлердің орнына қамқорлығындағы адамдарды пайдаланып, үй-жайын тазалауға мәжбүрлеп, тамақ дайындауға баулап, әрекетке қабілетсіз адамдарды заңсыз әрекеттерге тартып, есепшоттарынан жәрдемақыларын жымқырған (сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр).

Фото: Абай облысы прокуратурасы

Самое читаемое