457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қостанай облысында ҚТЖ филиалының басшылары жемқорлықпен сотталды

Cотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

Бейімбет Майлин ауданының соты «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Қостанай пайдалану локомотив депосының бастығы А. Махмутовқа, оның орынбасары Ж. Сырмановқа, жылу технигі Б.Серікұлына және «Қазақстан-ОЭК» СҮ» ЖШС Тобыл станциясының отын қоймасының бастығы К. Елюсиновқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Олар ҚТЖ дизель отынын және теміржол кранын жөндеуге бөлінген қаражатты жалпы сомасы 12 млн теңгеге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Махмұтов, Сырманов, Елюсинов 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыруға, Серікұлы 3 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Антикор

Самое читаемое