Қарағандыда полиция көлігі апатқа ұшырады (ВИДЕО)

Бүгін сағат 11.30 шамасында Қарағандыда полиция көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Malim.kz.
Қарағанды қаласының 7 магистраль айналма жолында «Лада Веста» қызметтік автокөлігі, «Фотон» және «Шансиман» автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Лада Веста» автокөлігінің жүргізушісі, Қарағанды қаласы ПБ патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады полициядан.
Қазір болған оқиға фактісін полиция тіркеп, тиісті сараптамалар тағайындап жатыр.
Фото: видеодан скрин