457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақтөбеде болған атыстан сегіз адам жарақат алып, біреуі қайтыс болды

Қылмысқа қатысты 4 күдікті ұсталды.

Бүгін пышақ және оқ жарақаттарымен 9 науқас Ақтөбедегі көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Malim.kz «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Түнгі сағат 2-де жас жігітті белгісіз біреулер клиникалық өлім жағдайында ауруханаға жеткізді. Ол дереу жансақтау бөліміне жатқызылды. Реанимациялық шаралар жүргізілді, бірақ нәтиже болмай, науқас қайтыс болды. Марқұм 18 жаста еді, - деді облыстық аурухананың дәрігері Жасұлан Орынбаев.

Жарақат алған 8 науқас 18-22 жас аралығындағы жастар. Оларды ауруханаға полиция және жедел жәрдем қызметкерлері алып келген.

Қылмысқа қатысты 4 күдікті ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру және бұзақылық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қылмысты тергеп-тексеру барысы жеке бақылауымызда, - деді Ақтөбе қалалық ПД баспасөз қызметі.

Фото: Азаттық радиосы

Самое читаемое