Алматыда тұрғын үй кешеніндегі күзетшінің өліміне қатысты тергеу қайта басталды

Алматыда «Меркурий таун» тұрғын үй кешенінің тұрғыны күзетшіні көлікпен қағып өлтірген болатын. Бұл оқиға қоғамда резонанс тудырды.
Қылмыс наурыз айында болған. Қаза тапқан күзетші Нұрбол Қайыпбаевтың артында әйелі мен үш баласы қалды.
Қыркүйек айында ер адамды өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу тоқтатылғаны хабарланды.
Бүгін Алматы полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу қайта басталғаны туралы айтты. Күдікті қылмыс жасалған сәттен бастап қамауда отыр.
Фото: видеодан скрин