457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

8 жасырын казино жұмыс істеген: ҰҚК 38 адамды ұстады

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң жедел қызметкерлері мен шекарашылары Қаржы мониторингi агенттiгiмен бiрлесіп, «Қорғас» ШЫХО-ның қазақстандық бөлiгiнде жұмыс iстеген 8 жасырын казино әрекетінің жолын кестi, деп хабарлайды Malim.kz.

2024 жылғы 18 шілдеде осы әрекетке қатысы бар деген күдікпен 32 шетелдік және 6 Қазақстан азаматы ұсталды.

Тінту барысында ойын автоматтары мен үстелдер, құмар ойындарын ұйымдастыруға арналған техникалық жабдықтар, сондай-ақ көп мөлшерде ақшалай қаражат алынды. Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді, - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Фото: ҰҚК

Самое читаемое