457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"6 ақпанда дабыл соғылады": ТЖМ мәлімдеме жасады

2025 жылдың 6-7 ақпанында Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде "Көктем-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының 1-кезеңі өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, оқу-жаттығудың тақырыбы – "Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары, күштері мен құралдарының көктемгі су тасқыны жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы" екенін нақтылады.  

"Территориялық деңгейдегі дабыл жүйесінің дайындық деңгейін тексеру мақсатында 2025 жылдың 6 ақпанында сағат 11:00-де еліміздің 11 өңірінде барлық қолда бар дыбыстық электросиреналар қосылады. Осыған байланысты сабыр сақтап, үрей мен қауесеттерге бой алдырмауды сұраймыз", – делінген ТЖМ сайтында жарияланған хабарламада.  

Оқу-жаттығуларды үйлестіру және басқару жөніндегі республикалық штаб Атырауда орналасады.  

Оқу-жаттығу аясында екі күн бойы Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарында кешенді профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. 

2025 жылдың 31 қаңтарында ТЖМ басшысы Чингис Арынов Қазақстанда су тасқыны қаупі бар мыңнан астам елді мекен бар екенін мәлімдеген еді. Ал 3 ақпанда "Қазгидромет" мамандары 2025 жылғы көктемгі су тасқынына алдын ала болжам жасап, жоғары тәуекел аймақтарын атады.

Фото: unsplash

Самое читаемое