457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жетісу облысында «Жаркент-Қорғас» автомобиль жолы жөнделіп, ашылды

Жол облыстың 4 ауылы арқылы өтеді

Жетісу облысы Панфилов ауданында ұзындығы 32 шақырым болатын «Жаркент-Қорғас» автомобиль жолының негізгі бөлігі түрде ашылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс әкімдігінің мәлімдеуінше, «Нұр жолы» кеден бекетіне, «Қорғас» ХШЫО-ға, Алтынкөл станциясына, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ға баратын автокөліктер легі дәл осы жол арқылы жүреді.

Ұзындығы 32 км болатын «Жаркент-Қорғас» жолының бөлігі Панфилов ауданының Қырыққұдық, Ақкент, Ават, Атамекен ауылдары арқылы өтеді. Бұл жол өткен ғасырдың 60-70 жылдарында салынған.

Құрылыс жұмыстары осы жылдың шілдесінде басталып, 5 айда аяқталған.

Жоба аясында жол бойындағы елдімекендерде тротуар төселіп, жарықтандырылып, жаңа жол белгілері мен ақпараттық панельдер орнатылып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгілер қойылған.

Фото: Жетісу облысы әкімдігі

Самое читаемое