457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ұлттық Банк хабарлайды: 50 білім грантын бөлеміз

Ұлттық Банк 50 білім грантын бөлетіндерін, кейін осы грант бойынша білім алғандарды жұмысқа қабылдайтындарын хабарлады.

Ұлттық Банк төмендегідей білім гранттары бойынша оқуға өтінім беруге болатынын хабарлады:

1) «Назарбаев Университеті» ДББҰ Жоғары бизнес мектебінде «Қаржы бойынша ғылым магистрі» – 15 грант;

 2) «Нархоз университеті» КЕАҚ «Қаржы талдаушысы», «Қаржылық тәуекелменеджмент», «Макроталдау және болжау» – 20 грант;

 3) «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ «Қаржылық тәуекелменеджмент және деректер туралы ғылым», «Макроқаржы және деректер туралы ғылым» және «Қаржылық технологиялар» – 15 грант.

Бағдарламалардың мақсаты – Ұлттық Банк пен оның еншілес ұйымдары үшін, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі үшін білікті кадрлар даярлау. Бағдарламалар аясында қаржы, экономика, қаржылық технологиялар, бухгалтерлік есеп, тәуекел-менеджмент, статистика, эконометрика, математика, машиналық оқыту және бағдарламалау бойынша мамандар даярланады.

Осы бағдарламалар бойынша оқу кезеңінің басталуы 2023 жылғы тамыз-қазанға жоспарланған. Оқуға түсу үшін кандидаттар Университеттердің талабы мен өлшем шартына сәйкес, конкурстық іріктеуден өтеді. «Назарбаев Университеті» ДББҰ бағдарламасы бойынша оқу кезеңінің ұзақтығы – 16 ай, «Нархоз университеті» КЕАҚ және «Қазақстан Британ техникалық университеті» АҚ бағдарламалары бойынша – 2 академиялық жыл. Оқу аяқталғаннан кейін Ұлттық Банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасу көзделген. Бағдарламалардың мазмұнымен және оқуға қабылдауға қойылатын талаптармен келесідей сайттарда танысуға болады:

1) «Назарбаев Университеті» ДББҰ Жоғары бизнес мектебі: https://gsb.nu.edu.kz/kz/msc_in_finance

2) «Нархоз университеті» КЕАҚ: https://applied-finance.narxoz.kz/kz

 3) «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ: https://kbtu.edu.kz/kz/poslevuzovskoe-obrazovanie/magistratura-s-nbrk

Самое читаемое