Солтүстік Қазақстан облысы қайың тұқымын жарты миллиард теңгеге сатып алмақ

Солтүстік Қазақстанда қайың тұқымын сатып алуға жарты миллиард теңге жұмсамақшы, деп хабарлайды ҚазТАГ.
Тапсырыс беруші - Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Мамлютка орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; атауы - ағаш пен бұтаның тұқымы; қосымша сипаттамасы - қайың тұқымы; саны - 7000; өлшем бірлік - килограмм; жоспарлы сома - Т499 999 990, - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 24 сәуірде басталған, 12 мамырда аяқталады.
Фото: интернеттен