457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресейден заңсыз кіргізілмек болған 171 тонна картоп кері қайтарылды

Шекарада екі күнде 12 заңбұзушылық анықталған

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Ресейден кіргізілмек болған 170,9 тонна картопты кері қайтарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облысы инспекциясы Ресеймен шекаралас аймақта орналасқан «Қайрақ» фитосанитарлық бақылау бекетінде 18-19 қыркүйекте 12 заңбұзушылық анықтаған.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлар 170,9 тонна картопты фитосанитарлық сертификатсыз әкелуді тоқтатқан.

Бүгінде әкімшілік хаттамалар жасалып, картоптың барлық партиясы жіберушіге қайтарылған.

Фото: pexels.com

Самое читаемое