457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Рекордтық көрсеткіш. Доллар 520 теңгеден сатылып жатыр

Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алу және сату бағамы күрт көтеріліп кетті. Валюта айырбастау пунктерінде 1 доллар 520 теңгеге жетті.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, бір доллардың құны 516-520 теңге аралығында. Тіпті мегаполистің кейбір ақша айырбастау пунктінде 522 теңгеден сатылып жатыр.

Ал 1 еуроның бағасы 540 теңгеге жетті, орташа баға 538,5 құрайды.

Ұлттық банк 28 қарашада белгілеген доллардың ресми бағамы 499,51 теңге, еуро – 525,38 болды.

Алматы – сатып алу – 515–517 теңге, сату – 520–522 теңге;

Астана – сатып алу – 515 теңге, сату – 519 теңге.

Шымкент – сатып алу – 515–516 теңге, сату – 519-523 теңге.

Бұған дейін ҚР Ұлттық банкі мен валюта айырбастаушылары 28 қарашаға арналған валюта бағамын 499,51 теңге, ал еуро бағамын 525,38 теңге деп жариялаған болатын.

Фото: unsplash.com (Giorgio Trovato)   

Самое читаемое