457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан мен Түмен облысы арасындағы тауар айналымы 113,3 млн долларға жеткен

Кездесу барысында мемлекеттік шекара арқылы жүк-жолаушы тасымалы бойынша көпжақты өткізу пунктін реконструкциялау жобасы қаралды.

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Түмен облысының губернаторы Александр Моор Қазақстан-Ресей сауда қатынастарын дамыту аясындағы аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығы мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстан өңірлері мен Түмен облысы арасындағы тауар айналымы 113,3 млн долларға жеткен.

Кездесу барысында мемлекеттік шекара арқылы жүк-жолаушы тасымалы бойынша көпжақты өткізу пунктін реконструкциялау жобасы қаралды.

Шекаралардағы кіру жолақтарын кеңейту және жүк көлігі бағытында 2 жолақ, жеңіл көлік бағытында 4 жолақ салу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа, жоғары білім, туризм және спорт салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.

Фото: t.me/KZgovernment

Самое читаемое