457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады

Банк 1994-2024 жылдар аралығында Қазақстанда жалпы сомасы 7 млрд долларға жуық жобаларды қаржыландырды

Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады. Ол Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасының 23-ші министрлік конференциясына қатысу үшін Астанаға келді.


Осы сапар аясында құны 300 млн доллардан асатын «Қызылорда – Жезқазған» автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр.

Биыл Қазақстан мен Азия даму банкінің қарым-қатынасына 30 жыл. Банк 1994-2024 жылдар аралығында Қазақстанда жалпы сомасы 7 млрд долларға жуық жобаларды қаржыландырды. Атап айтқанда, Батыс Қытай-Батыс Еуропа халықаралық көлік дәлізін салуға, сондай-ақ Ақтөбе-Қандыағаш жолын қайта жөндеуге қатысты.
Фото: Ақорда  

Самое читаемое