457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Аудиторлар Назарбаев мектептеріне бөлінетін қаражаттың тиімділігін тексеріп жатыр

Аудиторлық тексерудің қорытындысы мен Жоғары аудиторлық палатаның тиісті нұсқамалары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына ұсынылмақ.

Жоғары аудиторлық палата «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» бюджетін тексереді. Бұл туралы Жоғарғы аудиторлық палатаның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Дәлірек айтсақ, палата бұл мектептің 2019-2023 жылдардағы бюджетінің тиімділігін, республика бойынша орта білім беру жүйесін дамытуға тигізген әсерін тексермек.

Жоғары аудиторлық палата «Назарбаев Зияткерлік мектептері», Қазақстандағы төрт облыстың бюджеті, сондай-ақ ӘМСҚ, салық және кеден жүйелерінің тиімділігін тексерді. Жоғары аудиторлық палата 2019-2023 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізуді аяқтауда. Атап айтқанда, аудит барысында НЗМ-нің республиканың орта білім беру жүйесін дамытуға әсері талданды, - деп хабарлады бүгін, 4 мамыр күні палатаның баспасөз қызметі.

Аудиторлық тексерудің қорытындысы мен Жоғары аудиторлық палатаның тиісті нұсқамалары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына ұсынылмақ.

Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі

Самое читаемое