Астана әкімдігі көшелердің бір бөлігінде жаңбыр суын кетіруге 2,7 млрд теңгеден астам қаржы жұмсамақ

Астана көшелерінің бір бөлігіндегі нөсерлі канализацияға 2,7 млрд теңгеден астам қаржы жұмсамақ, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы ҚазТАГ жазды.
Тапсырыс беруші – «Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі; атауы – кәріз жүйелерін/су тазарту құрылыстарын/сорғы станцияларын салу (құрылысы) бойынша жұмыстар; қосымша сипаттама – мердігерлік жұмыс «Астана қаласының нөсерлі кәріз жүйесін дамыту. Астана қаласындағы Момышұлы даңғылынан Тәшенова көшесіне дейінгі учаскеде Тәуелсіздік даңғылы бойындағы нөсерлі кәріз коллекторын қайта құру» (2-бөлім); жоспарланған сома 2 721 905 920 теңге, - делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың сипаттамасында.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 24 маусымда басталып, 9 шілдеге дейін жалғасады.
Еске салсақ, Астанада жаңбыр жауса болды, қала көшелері суға толып, көліктер «жүзіп» жүретінін жазған болатынбыз.
Фото: Өркен Жоямерген