Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 487 - 491 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 29 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 487,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,02 теңге. Еуро — 527,62.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 488,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 490,9 теңге. Еуро 529,5 — 533,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 487 теңге, сатып алу құны — 491 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 531 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,99 — 5,10 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 28 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,18 теңгеге қымбаттап, 488,31 теңге болған.
Фото: Kazinform.kz