457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

АЭС-ті қай мемлекет салуы мүмкін

Сейсенбі күні Үкімет отырысына келген «Қазақстанның атом электр стансасы» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин Қазақстанда АЭС-ті кімдер салуы мүмкін екенін айтты.

-    2019 жылы біз ең озық шетелдік атом технологияларын жеткізушілерден міндетті емес техникалық-коммерциялық ұсыныстарды алу бойынша маркетингтік процедураны жүргіздік.

Нәтижесінде Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Ресейден, Франциядан және АҚШ-тан 6 вендордан 13 заманауи реактор жобасын алдық. Ұсынылған технологияларды алдын ала бағалау үшін әлемдік тәжірибе мен МАГАТЭ ұсынымы негізінде өзіміздің бағалау жүйемізді әзірледік. Оны Францияның танымал Assystem инжиниринг компаниясы мақұлдады, - деді ол. 

Тимур Жантикиннің сөзінше, шорт-парақшаға 4 жеткізуші енгізілген. Олар: 
 PR1000 реакторымен қытайлық CNNC компаниясы;
 APR1000 және APR1400 реакторларымен корейлік KHNP компаниясы;
 ВВЭР-1200 реакторымен ресейлік Росатом компаниясы;
 PR1200 технологиясымен франциялық EDF компаниясы.

Ал энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтың айтуынша, АЭС құрылысы елімізде 8 мың адамды жұмыспен қамтиды. 

Материал Қазинформ агенттігі негізінде дайындалды
Фото: gov.kz

Самое читаемое