457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Абай облысында халықтың орташа жалақысы – 340 мың теңге

Облыстағы халық табысы туралы өңір әкімі Нұрлан Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс әкімінің айтуынша, биылғы 9 айда облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері өсіп отыр. Өңір 105,3% қысқамерзімді экономикалық индикатор қойған.

Үлкен өсім құрылыс саласында 131,6%-ға, өнеркәсіпте – 102,6%-ға, ішкі саудада – 110,5%-ға, ауыл шаруашылығында – 106,4%-ға, инвестицияларда – 100,5% тіркелді, деді әкім.

Ал орташа айлық жалақы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша 12,3%-ға өсіп, 340 мың теңгені құраған.

1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке 294,9 млрд теңге салық пен басқа да міндетті төлемдер түсті. Республикалық бюджетке – 197 млрд, жергілікті бюджетке – 97,8 млрд теңге. Өсу қарқыны – 126,5%-ды құрайды, деді Нұрлан Ұранхаев.

Фото: ortcom.kz

Самое читаемое