457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Лас суды жерге төккен, түтіні шамадан артқан. «Маңғыстаумұнайгазға» айыппұл салынды

Компания 32 млрд теңгеден астам айыппұл төлейді

Маңғыстау облысының прокуратурасы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қызметінде өрескел заңбұзушылықтар анықтаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс прокуратурасының мәлімдеуінше, компания ағынды суларды жер қойнауына жіберіп, сондай-ақ, тиісті шектеу орнатпай бұрғылау қалдықтарын жинақтаған.

Прокурорлармен қолданылған шаралардың нәтижесінде, соттың 4 желтоқсандағы қаулысымен компания «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 31 млрд теңге көлемінде айыппұл салынған. Сот актісі заңды күшіне енді.

Сондай-ақ, мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға ластаушы заттардың шамадан тыс шығарылу дерегі де анықталған. Аталған дерек бойынша 11 желтоқсанда компания қосымша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1,2 млрд теңге айыппұлға жегілген.

Фото: instagram/mangistaumunaigaz_jsc

Самое читаемое