457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Демалыс күндері ауа райы қандай болатыны белгілі болды

Қазгидромет 5-7 қазанға арналған еліміз бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райы болады.

Скандинавиялық антициклонның ықпалымен 5-6 қазанда республиканың батысында, солтүстік және шығыс облыстарында ауа райы құрғақ және ашық болады. 

Күндіз батыста күн сәулесі ауаны 23-30 градусқа дейін жылытса, солтүстікте және шығыста 15-23 градусқа дейін жылынады. Дегенмен түнде ауа температурасы нөлден төмен мәндерге дейін жетеді.

7 қазанға жақын солтүстік пен шығысқа суық атмосфералық фронт пен жаңбырлы бұлттар барады. Сондықтан жауын-шашын желдің күшеюі мен күндізгі ауа температурасының төмендеуі болады.

Фото: pixabay

Самое читаемое