457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тегін дәрі-дәрмектерді беру жүйесіне өзгеріс енгізіледі

Салаға талдау жүргізген Антикор осындай ұсыныс берген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша тегін дәрі-дәрмектерді беру жүйесіне өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Антикордың мәлімдеуінше, Абай облысында денсаулық сақтау саласына жүргізілген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысында (2024 ж.) бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС медициналық препараттарды уақытылы жеткізбеу деректері анықталған.

Оның ақыры тегін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне және пациенттердің оларды өз қаражатына сатып алуына алып келген.

Медициналық мекемелерде нақты жағдайды жасыру үшін «жалған рецептер» жазылған. Құжаттарға сәйкес пациенттер дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. Талдау қорытындысы бойынша Абай облысының барлық емханаларында EGOV Mobile қосымшасының «Әлеуметтік әмин» бөлімінде QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жүйесі енгізілді, деп жазылған Антикор мәлімдемесінде.

Әзірге бұл дәрі-дәрмектерді алудың балама әдісі, алайда ол қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетіп жатқаны айтылған.

Онда QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жөніндегі жоба пилоттық режимде іске қосылып, қорытындысы бойынша оны бүкіл республика бойынша масштабтау жоспарланған.

2024 жылы пациенттер санының 14%-ға өсуіне қарамастан (2023 ж. – 77,6 мың, 2024 ж. – 88,8 мың), Абай облысында жазылған рецепттер санының 24,8 мыңға төмендеуі байқалған (2023 ж. – 707,6 мың рецепт, 2024 ж. - 682,4 мың рецепт).

Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жалған рецепттерді шығару, дәрі-дәрмектерді жымқыру қаупін едәуір азайтып, бюджет қаражатын үнемдемек.

Фото: Жансерік Күзембай/Malim.kz

Самое читаемое