457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Únsіz qalma»: Буллинг пен конфликтің 5 айырмашылығы

Психолог Лимана Құттыбекқызының айтуынша, аяқ астынан туындайтын конфликті тоқтатуға болады. Оған ұстаздар мен ата-ана  араласуы мүмкін.  Ал буллинг жоспарлы түрде жасалып, ұзаққа созылады.Сондықтан ата-аналар мен мұғалімдерге  қорлау белгілерін тану және буллингті конфликтен яғни жанжалдан ажырату өте маңызды. Бұл - оқушылар арасындағы кемсітуді, мүйіздеуді тоқтатудың алғашқы қадамы.

«Únsіz qalma» жобасының 4-ші видеоматериалында Қазақстан кәсіби психологтар лигасының мүшесі Лимана Құттыбекқызы  буллинг пен конфликтің 5 айырмашылығын түсіндіреді. Қазіргі кездегі өзекті проблеманың басқа да айырмашылықтары  бейнероликте жан-жақты баяндалады.

Бейнероликті  Unsiz qalma - YOUTUBE арнасынан, @unsiz.qalma инстаграм парақшасынан көре аласыздар.

Бұл жоба АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы “Media CAMP — Орталық Азия” бағдарламасы аясында дайындалды. «Únsіz qalma» ұжымы ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың, АҚШ үкіметінің немесе  Internews ұйымының ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

1-ші бейнематериал: Оқушылар арасындағы буллингтің алдын алуға арналған жоба басталды

2-ші бейнематериал: «Únsіz qalma»: Оқушылар арасындағы шеттетудің алдын алу   

3-ші  бейнематериал: «Únsіz qalma»: Оқушылар арасында кикілжің туындағанда не істеу керек?  

https://www.youtube.com/watch?v=Aorfmeptr9E

Самое читаемое