457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

Орталық Азия елдері арасындағы туризм ынтымақтастығын жандандыру мақсатында Түркістан-Самарқан бағытында алғашқы халықаралық әуе рейсі ашылды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Ұлыстың Ұлы күні Түркістаннан бағыт алған ұшақ “Qazaq air” әуекомпаниясына тиесілі.

Түркістаннан аттанған 80-ге жуық саяхатшыны көрші елдің әуежайынан самарқандықтар ерекше салтанатпен қарсы алды. Бірегей туристік ресурстарға ие Орталық Азия өңірі туризм саласын қарқынды дамытып келеді, - делінген хабарламада.

Бұл тұрғыда екі ел арасында тәжірибе алмасу, туризм бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.

ФОТО: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Самое читаемое