457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Теңіз кенішінде 1,5 мың адам науқастармен байланыста болған  

Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб мәліметінше, 1,5 адам науқастармен жақын қарым-қатынаста болған, байланыс жасаған.

16 сәуірден бастап Теңіз кенішінен шұғыл емес персоналды шығару басталған болатын. Тұтастай алғанда 17 мыңнан астам жұмысшыны шығару жоспарланып отыр.​ ​«Оның ішінде 6 мыңнан астам жұмысшы – Атырау облысының,​ 2 мыңнан астамы – Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының,​ 600-ден астамы – Маңғыстау облысының тұрғындары. Қалған қызметкерлер – Қазақстанның өзге өңірлерінен келген мамандар» деп нақтылады шұғыл штаб.​ Қазір 10 мыңнан астам жұмысшы шығарылған. ​ 4 мыңға жуық​ жұмысшы әуе жолымен,​ 3 мыңға жуық жұмысшы темір жол қатынасымен,​ 3 мыңнан астам жұмысшы автобус көлігімен тасымалданды. Қалған жұмысшыларды шығару процесі​ 5 мамырда аяқталады​. Бүгінгі таңда Теңіз кенішіндегі жұмысшылар арасында қауіпті дертке шалдыққандар саны 71 адамға жетті. 12 жұмысшы жазылып шықты.​Теңіз кенішінде коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған​ 1,5 мыңнан астам жұмысшы анықталды. 847 адам – жақын қатынаста,​ 718 адам – байланыста болған.
Қазақстандағы 2020 жылғы 30 сəуір сағат 09:40-тағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы мынандай:

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 67 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қ. – 6, Алматы қ. – 7, Шымкент қ. – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Қызылорда облысында – 11, Маңғыстау облысында – 1, Павлодар облысында – 1, Қостанай облысында – 4, Батыс Қазақстан облысында – 8, Ақтөбе облысында – 17, Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 1.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 3 205 адам анықталды. Олардың ішінде:

Алматы қ. – 944,

Нұр-Сұлтан қ. – 627,

Қызылорда облысы – 198,

Шымкент қ. – 190,

Қарағанды облысы – 149,

БҚО – 146,

Атырау облысы – 135,

Павлодар облысы – 128,

Түркістан облысы – 124,

Алматы облысы – 122,

Жамбыл облысы – 116,

Ақмола облысы – 99,

Ақтөбе облысы – 82,

Қостанай облысы – 49,

Маңғыстау облысы – 46,

СҚО – 30,

ШҚО – 20.

Самое читаемое