Семей тұрғыны әкімшілік қарсылығына қарамай тарихи ғимаратты қиратпақ болды

Азаттық радиосы сұрағына жауап берген Абай облысы әкімдігінің өкілі 23 маусым күні «Ғимараттарды құлатуға қатысты шешім жоққа шығарылғанын» хабарлаған.
«Прииртышье» аймақтық қауымдастығының жетекшісі Марат Сасанов ғимараттың Шәкәрім даңғылы бойындағы қабырғасы қиратылғанын айтады. Ол осы жағдай туралы білгеннен кейін тұрғындармен бірге ғимаратты бақылауға алған.
«Президентке хат жазу керек шығар, себебі қаланың шамасы жетпейді. 19 ғасырда салынған Ұранхаев-Жамақаев көшелерінің қиылысындағы әдемі үйде қиратылып жатыр. Біз тіпті ол үйде кім тұрғанын, қай жылы салынғанын айтпаған күннің өзін де, бұлардың қирауы қаланың сәулетін бұзады», - дейді Сасанов.
Ғимаратты бұзуға қарсы әкімдіктің шешімінде ғимараттың «Семей қаласы тарихи мұралары» қатарына кіргені жазылған.