457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қандастарға арналған квотаны көбейту керек

2019 жылы 50 мыңға жуық адам Қазақстанан кетіп қалған екен.

Елдегі миграциялық және демографиялық процесстерді ретке келтіру керек. Мәжілісмендер үкіметке депутаттық сауал жолдады.

«2017-2020 жылдарға арналған миграциялық саясат концепциясында  1991 жылдан бастап елімізге оралған қандастарымыздың саны  1млн асқан делінген. Алайда 2012 жылдан елдің Қазақстанан көшу процессі басталып кетті. Соңғы 5 жылда 189 765 мың елден көшіп кетсе, 70 933 мың этникалық қазақ атажұртқа келген. 2019 жылы 45 225 мың адам елден кеткен. Қазір кейбір өңірлерде адам саны азайып кеткен», - делінген депутат Ғазиз Құлахметов жолдаған сауалда.

Сондай-ақ, депутаттар ішкі миграцияда олқылықтардың көптігін айтады. Мәселен үймен қамтамасыз ету, жайылым мен суғармалы жер беру жағы дұрыс ойластырылмаған.

Сырттан келген қандастарды адаптациядан өткізу үшін солтүстік өңірлерде арнайы орталықтар ашылмаған. Орыс тілін білмегендіктен олар құжат рәсімдеуде қиналып жатады.

«Елдегі миграциялық және демогарфиялық ахуалды реттеу үшін қандастраға арналған квотаны көбейтуді сұраймыз. Қандастарға арналған адаптация орталықтарын ашып, тек мемлекеттік тілде қызмет көрсету жағы қарастырылса», - дейді депутат.

Дереккөз: baigenews.kz

Фото: vk.com 

Самое читаемое