457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Наурызнама: Бүгін - Ынтымақ күні

Астана мен Алматыда қандай іс-шара өтеді?

Бүгін Наурызнама онкүндігінің күнтізбесі бойынша Ынтымақ күні. Бұл күні Астана мен Алматыда қандай іс-шара өтеді?

21 наурызда Астанада қалалық алаң, EXPO аумағы, «Қазақ елі» монументінің алаңы, «Бәйтерек» монументі алаңы, Орталық парк және қаланың шеткі аумақтарында Наурыз – береке бастауы іс-шаралары ұйымдастырылса, Халықаралық көрме орталығында көшпелі өркениет фестивалі және Ататүрік саябағында «Қош келдің, Әз-Наурыз» театрландырылған қойылым, қаланың орталық алаңында «Рухты тіл, қазыналы дәстүр» бесік жыры байқауы өтеді.

Сондай-ақ, Қуыршақ театрында, Музыкалық жас көрермен театрында, Жастар сарайында түрлі қойылым қойылады.

Ал Алматыда 21 наурыз күні сағат 11:00-де «НАУРЫЗ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ» мерекелік концерті Астана алаңында өтеді.

Сондай-ақ, 21 наурыз сағат 11:00-де Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аумағында және 12:00-де Абай атындағы алаңда (Республика Сарайының алды) концерт ұйымдастырылады. 

Сонымен қатар, 21-22 наурыз күндері Астана алаңында сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін танымал әртістердің қатысуымен концерт өтеді. Арбатта (Панфилов-Жібек жолы көшесі) Наурыз мейрамына арналған ойын-сауық-танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады.

 

ФОТО: Астана қаласының әкімдігі

Самое читаемое