457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Наурыз - жаңа форматта:  Наурызнама онкүндігінің бағдарламасы ұсынылды

Биылдан бастап елімізде Наурыз мейрамы жаңа форматта тойланады.

Биылдан бастап елімізде Наурыз мейрамы жаңа форматта тойланады. Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын 14-23 наурыз аралығында өтетін Наурызнама онкүндігін жариялауды ұсынып отыр.

Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаевтың айтуынша, Наурыздың бірегей логотипі бекітіліп, еліміздің барлық аймағына жіберілген.

«Тарихта  Наурызды тойлау 8-9 күнге жалғасқан. Оны «Наурызнама» деп атаған. Бұл туралы деректер ұлы философ-жазушыларымыз Махмұд Қашқари, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов еңбектерінде жазылған», - деді С.Барлыбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Наурызнама онкүндігінің бағдарламасы:

  • 14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі деп аталады. Бұл дәстүр негізінде еліміздің батыс өңірлерінде сақталған. Бүгінгі күні аталған мерекені барлық аймақта тойлау ұсынылды.
  • 15 наурыз - «Қайырымдылық күні». Бұл күн ел бойынша қайырымдылыққа, мейірім мен тату көршілікке арналады.  
  • 16 наурыз - «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні». Бұл күні мәдениет, өнер мен ұлттық құндылық насихатталады.
  • 17 наурыз - «Шаңырақ күні». Осы күні отбасылық құндылықты дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыға арналған мәдени іс-шаралар өтеді.
  • 18 наурыз күні -  Ұлттық киімдерге арналады. Барлық өңірде ұлттық киімдерді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шара өткізу ұсынылып отыр.
  • 19 наурыз – Жаңару күні. Көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды.
  • 20 наурыз - Ұлттық спорт күні. Бұл күні елдің барлық аймағында ұлттық спорттан түрлі жарыс ұйымдастырылады.
  • 21 наурыз - Ынтымақ күні. Халық арасында бір-біріне деген сый-құрметті арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау күні.
  • 22 наурыз – Жыл басы. Бұл күні еліміздің барлық өңірінде жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шара ұйымдастырылып, стильді этноауыл мен түрлі жәрмеңке ұйымдастырылады.
  • 23 наурыз - Тазару күні. Бұл күні Қазақстанның барлық аймағында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.


Фото: pixabay
 

Самое читаемое