457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Көшпенділер ойындарына қызмет еткен еріктілер марапатталды

Сондай-ақ, оларға арналған концерт қойылды

Бүгін елордадағы амфитеатрда Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқан еріктілерді құрметтеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Дүниежүзілік ойындарға 1600-ден астам ерікті қатысты, оның ішінде АҚШ, Қырғызстан, Франция, Ресей және Иорданияның 20 өкілі бар. Сондай-ақ, 60 жастан асқан 30 ер және әйел азаматы да атсалысқан. Барлығы арнайы оқытудан өтіп, аудармашы, үйлестіруші, топ жетекшілері ретінде қызмет атқарды.

Олардың ішіндегі ең белсенділерін Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев пен Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен және қала мәслихаты басшысы Ерлан Қаналимов бірге марапаттады.

Салтанатты рәсімнен соң еріктілер концерттік бағдарлама тамашалады.

Фото: instagram/kanalimov

Самое читаемое