457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ерке Есмахан енесінің сұлулығына тамсанды

Ал қайын атасына сыйлыққа сағат тарту еткен.

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан Instagram-да өзінің енесінің суретін жариялап, оның сұлулығы мен жастығына тамсанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі күйеуінің ата-анасымен қарым-қатынасының өте жақсы екенін айтады.

Иламның әжесі. Менің әдемі, жап-жас анам. Мұндай маматай ешкімде жоқ, менде ғана, - деп жазды Ерке.

Видеода Raim-ның анасының немересін көтеріп, оған ерекше мейірлене қарап тұрғанын көруге болады.

Сонымен қатар Ерке қайын атасына қандай сыйлық жасалғанымен де бөлісті.

Raim президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуге барған кезде сыйлыққа сағат алған еді. Сол сағатты бүгін әкемізге тарту еттік, - деп қосты Ерке Есмахан.

Айта кетейік, 2023 жылғы 23 қарашада Raim мен Ерке Есмахан ата-ана болғанын сүйіншілеген еді.

Фото: instagram.com/erke_esmahan

Самое читаемое