457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елордада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді

Билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі.

Астанада 8-14 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Дүбірлі додаға қатысу үшін әлемнің 100 ден аса елінен 4 мыңнан астам спортшы келеді. Мереке аясында Қазақстан Республикасының  Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «Димаш-Али» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Астана Аренада» менің «Stranger» атты жеке концертім өтеді. Билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі. Менің ресми аккаунттарыма назар аудара жүріңіздер. Концертте кездесейік, достар, – деп жазды Димаш Құдайберген.

Фото: instagram/Dimash Qudaibergen

Самое читаемое