457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бүгін елімізде – «Отбасы күні»!

Мереке елімізде қыркүйектің екінші жексенбісіне бекітілген

Бүгін қазақстандықтар «Отбасым – менің байлығым» акциясын бастады. Оған әлеуметтік желіде отбасыңыздың суретін жариялау арқылы акцияға қосылуға болады, деп хабарлайды Malim.kz. 

Қазақстанда «Отбасы күні» 2013 жылы бекітілген.

Мерекенің негізгі идеясы – ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы мен неке ұғымдарына сүйіспеншілік тудыру.

Биыл мерекенің жаңа тұжырымдамасы бекітілді.

Айта кетейік, 2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өткен еді. Аптаның әр күні отбасылық дәстүрлер, некені жоспарлау, ұрпақ саулығы, саналы ата-ана болу, отбасылық демалыс және басқа да тақырыптарға арналды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Республика бойынша барлығы мыңнан астам шара өткізіліп, 1 миллион адам қамтылған.

Фото: aqshamnews.kz

Самое читаемое