Астанада Республика күніндегі отшашуды 10 мыңнан аса адам тамашалады

Астанада Триатлон саябағында өткен мерекелік отшашуды 10 мыңнан астам адам тамашалады, деп хабарлайды Malim.kz.
Қала әкімдігі ресми сайтының мәлімдеуінше, 4 минут ішінде аспанға биіктігі 30-дан 250 метрге дейін баратын 2500 отшашу атылған.
Отшашу жеке демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған.
Айта кету керек, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін айтулы мерекеге орай 100-ден астам түрлі форматтағы іс-шара (концерттер, қойылымдар, көрмелер, спорттық іс-шаралар және т.б.) өткізілген еді.
Сонымен қатар, мереке аясында түрлі саладағы еңбек сіңірген қызметкерлер, еңбек ардагерлері, батылдық танытқан қазақстандықтар және т.б. тұлғалар марапатталды.
Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылды.
Фото: Астана қаласы әкімдігі