457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматыда «Еуразия» кинофестивалінің жүлдегерлері марапатталды

Фестиваль апта бойы жалғасты

Алматыда өткізілген XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бір апта бойы көрермен 30-дан астам фильмді тамашалады. Оның 22-сі байқау бағдарламасына қатысты.

XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары:

NETPAC әділқазыларының жүлдесі «Белгісіз елге» фильмі, режиссері Махди Флейфель;

Халықаралық байқау қазылар алқасының төрағасы Нури Бильге Джейланға «Әлемдік кинематографияға қосқан ерекше үлесі үшін» сыйлығы берілді;

Белгілі қазақстандық актер Досхан Жолжақсынов «Қазақстан кинематографиясына қосқан ерекше үлесі үшін» марапатталды.

Халықаралық байқау:

Ең үздік әйел рөлін сомдағаны үшін жүлде – Флорентина Хольциенгер, «Ай» (Moon), Австрия; 

Ең үздік ер рөлін сомдағаны үшін жүлде – Артур Пачесный, «Жоқтың қасы» (Next to Nothing), Польша; 

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі – «Нирвана» (Nirvana) фильмі, режиссері Асиф Ислам, Бангладеш; 

Ең үздік режиссерлік жұмыс үшін жүлде – Джун Мин О, «Жыл маусымдары үйі» (House of the Seasons), Оңтүстік Корея; 

Үздік фильм үшін гран-при – «Жоқтың қасы» (Next to Nothing), Польша, режиссері Гжегож Дебовски.

Орталық Азия және Түркі әлемі елдерінің байқауы:

Ең үздік әйел рөлін сомдағаны үшін жүлде – Эльза Каримова, «Ғашықтар тауы» (The Lovers’ Mountain), Татарстан; 

Ең үздік ер рөлін сомдағаны үшін жүлде – Абылай Марат, «Шекарадағы мәміле» (Deal at the Border), Қырғызстан; 

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі – «Хемме өлетін күндердің бірінде» (One of the Days When Hemme Dies) фильмі, Түркия; 

Ең үздік режиссерлік жұмыс үшін жүлде – Аруан Анартай, «Жоқтау» (Joqtau), Қазақстан; 

Үздік фильм үшін гран-при – «Ақ тырналар билейтін жерде» (Where the White Cranes Dance), Саха Республикасы (Ресей).
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Самое читаемое