Актер Асқар Наймантаев өмірден өтті

Елімізге танымал актер, сатирик Асқар Наймантаев 59 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Ол ауыр дертпен арпалысып жатып өмірден өтті.
Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев - 1965 жылы 17 маусымда Алматы облысы, Нарынқол ауылында, өнерлі отбасында дүниеге келген.
Ол «Домашние войны», «Бастық боламын», «ОрыStar в Шымкентте», «Детектив әже», «Туысқандар», «Бұйымтай», «Өсекшілер», «Внуки в ауле» комедиялық сериалдарында, Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат», Бақытас Санитастың «Тезек» фильмдерінде ойнады.
Сонымен қатар қазақ эстрадасының сахнасында Асқар Наймантаев «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танылған.
Айта кетейік, осыдан 1 апта бұрын актер желідегі парақшасында ауруханадағы суретін жариялаған болатын.