457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қыркүйектен бастап студенттер мен магистрант, докторанттардың шәкіртақысы көбейді

Үкімет қаулысына 1 шілдеде қол қойылған еді

1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көбейді, деп хабарлайды Malim.kz.

Премьер-министр Олжас Бектенов 1 қыркүйектен бастап колледждер мен ЖОО студенттеріне арналған стипендияларды арттыруды көздейтін Үкімет қаулысына 1 шілдеде қол қойған еді.

Соған байланысты, колледж студенттері үшін шәкіртақы 50%-ға артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрайды.

Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20%-ға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы 75 600 теңгеге дейін ұлғайды.

Интернатурада оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге көлемінде төленетін болады.

Магистранттар мен докторанттарға стипендия 15%-ға ұлғайтылды, оның мөлшері тиісінше 107 061 теңгені және 240 000 теңгені құрайды.

Сондай-ақ 2025 жылғы 1 қыркүйекте шәкіртақы бакалавриат студенттеріне 20%-ға, магистранттар мен докторанттарға 15%-ға көбейеді.

Фото: ehonews.kz 

Самое читаемое