457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандықтар 1 сыныпқа қабылдауға 270 мыңнан астам өтініш берді

Жыл соңына дейін 370 мың баланың жасы 6-ға толады

Бірінші сыныпқа қабылдау бойынша бүгінге дейін 275177 өтініш түскен. Ақмола, Алматы, Жетісу, Павлодар облыстары 100% көрсеткішке қол жеткізген, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, алдын ала болжам бойынша, 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін 6 жасқа толатын балалар саны 370 мыңнан асады, осылайша олардың бірінші сыныпқа баруға толық мүмкіндігі бар.

Азаматтарға қолайлы болу үшін қызмет көрсету толығымен автоматтандырылған. Ата-аналар мен балалардың заңды өкілдері өз өтініштерін еgov.kz электронды порталында, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады. Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтініштер демалыс пен мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

Айта кетейік, 1 сыныпқа өтініш қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.

Фото: Ult.kz

Самое читаемое