457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Өрт шарпыған Калифорния штатында қазақстандық 73 студент оқып жатыр

Олармен тұрақты байланыс орнатылған

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Калифорния штатында болып жатқан орман өрттеріне байланысты жағдайды мұқият бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Орталық ақпаратына қарағанда, қазір Калифорния штатында 73 стипендиат білім алып жатыр, оның ішінде 56-сы «Болашақ» бағдарламасының, ал 17-сі ғылыми тағылымдама бағдарламасының стипендиаттары. Барлығы аман-есен, кураторлармен байланыста.

Стипендиаттар жергілікті билік органдарының ұсыныстарын орындап, жағдай туралы бізге жедел түрде хабарлап отырады. Біз университеттермен тұрақты байланыстамыз және кез келген өзгеріске жылдам әрекет етуге дайынбыз, деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі.

Барлық стипендиатты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырып, төтенше жағдайларда Сан-Францискодағы Қазақстан Республикасының Консулдығына хабарласуын сұрайды.

Фото: err.ee/MARIO TAMA

Самое читаемое